SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасап, көпшілікті елең еткізді.
Мұсаев әлеуметтік желідегі жазбасында жұбайымен ажырасып кеткенін ашық айтты.
«Құрметті ағайын! Елдің аузында жүрген сұраққа бүгін жауап беруді жөн көрдім. 2008 жылдың 11 тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүрдік. 2024 жылдың күзінде заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Қазір мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды», – деп жазды актер.
Бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұрт түрлі пікір білдірді.
«Неге 16 жылдан кейін ажырасқан екен?», «Олжас пен Дариға жасырып жүр еді, күйеуі ашып қойды», «Қаншама жыл отасып, ажырасу оңай емес», – деп жазды қолданушылар.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова күйеуі мен қайын ағасына қажылыққа жолдама сыйлағаны, сондай-ақ отбасылық өміріне қатысты түрлі пікірлермен бөліскені айтылған еді.
RUS