230

Абай облысында мектеп директоры «Damu Bala» қаржысын жымқырған

Тергеу кезінде күдікті ақшаны толық қайтарған.

Абай облысында мектеп директоры «Damu Bala» қаржысын жымқырған
Orda.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында балалар шығармашылығына арналған «Damu Bala» платформасы арқылы бөлінген қаржыны жымқыру дерегі әшкереленді.

Тергеу мәліметінше, «SAMGAU өнер & спорт мектебі» ЖШС директоры балалардың үйірме мен спорт секцияларына қатысқаны жөнінде жалған есептер тапсырған. Сол құжаттардың негізінде жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған.

Құжатта аты көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде ешқашан сабаққа қатыспаған. Тіпті кейбірі бағдарламаға тіркелгенін білмеген. Мысалы, Алматы облысында тұратын бір бала Абай өңірінде бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде көрсетілген.

Осылайша мемлекетке 23 млн теңге көлемінде залал келген. Тергеу кезінде күдікті бұл ақшаны толық қайтарды.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы