Жетісуда бес жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші 3,5 жылға ғана сотталған

12.09.2025, 09:45
461
Жетісуда бес жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші 3,5 жылға ғана сотталған Orda.kz марқұмның жақындары ұсынған

Жетісуда 5 жасар қыздың өліміне кінәлі жүргізушіге шыққан үкім ата-ананы шошытты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының Алакөл аудандық соты бес жастағы Сезім Рүстемқызын қағып өлтірген жүргізушіге үкім шығарды. Ол 3,5 жылға колония-қоныста жазасын өтеуге тиіс және марқұмның отбасына 5 млн теңге өтемақытөлеуге міндеттелді. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Қайғылы оқиға 16 мамырда Достық станциясында болған. «Қазақстан темір жолы» қызметкері мас күйінде көлік айдап, жол жиегінде тұрған әйел мен екі баланы қағып кеткен. Анасы қоларбаны уақытында итеріп үлгергенімен, 5 жасар Сезім дөңгелектің астына түсіп қалған. Қызды көліктің астынан куәгерлер әрең шығарған.

Жүргізуші апаттан кейін көлігін тастап, қашып кеткен. Бала ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің 10 күнгі күресіне қарамастан, 26 мамырда көз жұмды.

Ертеңінде Жақсылықов полицияға өзі келді. Алайда екі күннен соң сот оны «қылмыстың ауырлығы төмен» деп бағалап, бес баласы барын ескеріп, үй қамаққа жіберген. Бірақ кейін оның мекенжайында мүлде тұрмағаны белгілі болды.

12 қыркүйекте сот соңғы үкімді жариялады: 3,5 жыл колония-қоныс, 5 млн теңге өтемақы. Бұл шешім қыздың ата-анасын ашындырды.

«Заң бізді емес, баламыздың өліміне себеп болған адамды қорғап тұрғандай. Бұл – үкім емес, бізге жасалған қорлық. Біз кек емес, әділдік іздейміз. Егер мас жүргізушіге осындай жеңіл жаза берілсе, ертең мұндай жағдай қайталанбайды деп кім кепіл?» — деді көз жасына ерік берген анасы Назым Жылқайдарова.

Әкесі Рүстем Омаров та үкімді әділетсіз деп санап, істі қайта қарауды талап етті.

Қызынан айрылған отбасы жазаны күшейтуді және Жақсылықовтың үй қамақта жүріп қашқанына жол бергендерге де жауапкершілік жүктеуді сұрап отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды