Қатар премьері Израильдің соққысы үшін Трамппен кездеспек

12.09.2025, 10:10
529
Қатар премьері Израильдің соққысы үшін Трамппен кездеспек Mohamed Hossam / EPA / ТАСС

Трамп Нетаньяху қит етсе біреуді бомбылай береді деп мәлімдеген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қатардың премьер-министрі шейх Мохаммед бин Абдулрахман бин Джассим Әл Тани алдағы күндері Нью-Йорк пен Вашингтонға сапарлап, АҚШ президенті Дональд Трамппен және жоғары лауазымды тұлғаларымен кездеседі. Келіссөздің басты тақырыбы — Израильдің Дохадағы «Хамас» саяси бюросына жасаған соққысы.

Басылымның дерегінше, катарлық үкімет басшысы АҚШ-та вице-президент Джей Ди Вэнспен, мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен және президенттің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен де жүздеседі.

Politico атап өткендей, Ақ үйде Израиль премьері Биньямин Нетаньяхуға наразылық артып келеді. Себебі АҚШ әкімшілігі «Хамаспен» келіссөздер жүргізу үшін көптен бері күш салып жатқанда, Израильдің әрбір әуе шабуылы процесті үзіп тастайды.

«Әр жолы ілгерілеу болған сәтте ол (Нетаньяху) біреуді бомбылайды», — деді Трамп командасына жақын дереккөз.

Қатар премьері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде АҚШ пен Израиль әрекеттерінің айырмашылығына назар аударды. Ол мысал ретінде Дохада орналасқан «Талибан» саяси бюросын келтіріп, Вашингтон ешқашан келіссөз жүргізушілерге соққы бермегенін еске салды.

«Дәл сол арна Ауғанстандағы соғысты тоқтатқан келісімге алып келді», — деді ол.

Ал Израиль, оның пікірінше, жазасыздыққа сеніп, өркөкірек саясат ұстанып отыр.

Еске салсақ, Израиль армиясы (ЦАХАЛ) 9 қыркүйекте Дохада «Отты шың» («Огненная вершина») операциясын жүргізген еді. Соққы кезінде «Хамас» жетекшілерінің бірі Халиль әл-Хайидің ұлы Хаммам қаза тапты.

Араб әлеміндегі бірнеше мемлекет енді Израиль өз аумақтарына да шабуыл жасауы мүмкін деп қауіптеніп, АҚШ-тан ресми кепілдік беруді сұрай бастаған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды