Шардарадағы трагедия: Қарияның ұлы ғана емес, келіні де тергеуде

12.09.2025, 12:18
488
Шардарадағы трагедия: Қарияның ұлы ғана емес, келіні де тергеуде бейнежазбадан

Желідегі бейнежазбада келіннің де қайын атасын қорлағаны көрінген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Шардара ауданында қарт адамның өліміне байланысты тергеу аясында тағы бір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы айыпталушылар қатарында марқұмның ұлының жұбайы да бар.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұған дейін күдікті ұл қамауға алынып, оған Қылмыстық кодекстің «Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» бабы бойынша айып тағылған еді.

Тергеу барысында әйелдің де оқиғаға қатысы бар деген күдік туындап, оған қатысты ҚК-нің «Топ болып жасалған ұрып-соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр. Соның қорытындысы бойынша барлық қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция баспасөз қызметінің дерегінше, бұған дейін марқұмнан да, өзге азаматтардан да отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ешқандай арыз түспеген.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті