Қордайды шайқаған жер сілкінісі болды
Әзірге аймақта зардап шеккендер жоқ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. Оның дүмпуі Жамбыл облысының тұрғындарына да сезілген.
ҚР ТЖМ мәліметінше, ұлттық сейсмикалық бақылау орталығы дүмпуді бүгін, 12 қыркүйек күні сағат 12:57-де тіркеген.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 187 шақырым оңтүстік-батыста, Қырғызстан аумағында орналасқан. Есептік қарқындылығы – Кордай ауылында 2 баллға жетті», – делінген министрліктің хабарламасында.
Әзірге аймақта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші