Атырауда құрылыс басқармасы басшысының орынбасары пара алды деп ұсталды
Атырауда әкімдік шенеунігі парамен қолға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыстық ҰҚКД қызметкерлері 33 жастағы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисенді және жергілікті ЖШС-нің директорын ұстады.
Шенеунік облыстық әкімдік ғимаратында қолға түскен. Тергеу деректеріне сәйкес, ол мердігер ұйым жетекшісінен пара алған деген күдікке ілініп отыр.
Қазір Бисенге қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы («Пара алу») бойынша іс қозғалды. Ал ақша берген кәсіпкерге 366-бап («Пара беру») бойынша айып тағылған. Тінту жұмыстары әкімдік ғимаратында да, компания кеңсесінде де жүргізілді.
Қазір шенеунік қолхатпен босатылды, яғни қала аумағынан шығуға құқығы жоқ.
Іске қатысты қорғаушы Тілек Хамитов та пікір білдірді. Оның айтуынша, ЖШС кеңсесінде тінту барысында адвокатты ішке кіргізбей қойған.
«Клиентіме бірнеше сағат бойы кіре алмадым. Бұл – заң бұзушылық. Сол себепті Бас прокуратураға және Республикалық адвокаттар алқасына ресми шағым жолдадым», – деді ол.
Әзірге Атырау облыстық ҰҚК департаментінен ресми түсініктеме берілген жоқ.
Материал авторы