Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцияларды тағы алты айға ұзартты

12.09.2025, 15:55
417
Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцияларды тағы алты айға ұзартты ИТАР-ТАСС

ЕО 2500-ден астам адам мен ұйымға қатысты санкцияларды өзгеріссіз қалдырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық одақ Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдады деп айыпталған 2500-ден астам адам мен ұйымға қатысты санкцияларды өзгеріссіз қалдырып, 2025 жылғы 15 қыркүйектен кейін де тағы алты айға ұзартты.

«Қара тізімде» Ресей президенті Владимир Путин, сыртқы істер министрі Сергей Лавров, заң шығарушылар, жоғары шенді әскери қызметкерлер, олигархтар, бизнесмендер, үгітшілер, жалдамалылар және Украинадан балаларды күштеп әкетуге қатысы бар тұлғалар бар. Бұл әскери қылмыс үшін Путин Халықаралық қылмыстық соттың іздеуінде.

Шешім 12 қыркүйекте Брюссельде өткен ЕО елшілерінің кездесуінде қабылданды. Венгрия мен Словакия кейбір есімдерді тізімнен алып тастауды ұсынғанымен, ешбірі өшірілген жоқ.

Бұған дейін Венгрия үш адамның тізімнен шығуына қол жеткізген еді. Бұл жолы ЕО төрағасы Дания санкция мерзімін бір жылға ұзартуды ұсынды, бірақ ұсыныс қабылданбады. Сондықтан санкциялар дәстүрлі түрде әр алты ай сайын қайта қаралады.

ЕО-ның жоғары өкілі Кайя Каллас:

«Біз санкцияларды ұзарттық. Қазір 19-пакетті аяқтап жатырмыз. Ол ресейлік мұнай сатылымына, көлеңкелі танкерлерге және банктерге қосымша шектеулер енгізуі мүмкін. Путиннің соғысына қаржы көздерін жауып отыра береміз», – деді.

Бұл шешім АҚШ-пен бірлескен қысымды күшейту аясында қабылданды. Алайда тәсілдерде айырмашылық бар: Ақ үй Ресей мұнайын импорттайтын Қытай мен Үндістанға тариф енгізуді қаласа, Еурокомиссия айналып өту тетіктеріне қарсы жаңа санкция дайындауда.

Сонымен қатар, ЕО 2027 жылдың соңына дейін ресейлік қазба отындарынан толық бас тарту жоспарын жеделдетуге уәде берді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды