444

Талдықорғандағы балабақшада балаларға жәндіктер аралас тамақ берілген

Балабақша былығы әшкере болды.

Талдықорғандағы балабақшада балаларға жәндіктер аралас тамақ берілген
dailybaby.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда ата-аналардың шағымынан кейін жеке меншік балабақшада жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Ашулы ата-аналар түсірген бейнежазбада асхананың күйі анық көрінеді: қабырғаларды көгер басқан, еденде қоқыс шашылып жатыр, ал тамақтың ішінде тарақан, дернәсілдер мен ұсақ шыбын-шіркей еркін жүр.

Олардың айтуынша, балаларға берілетін тамақ мөлшері де тым аз болған.

Даудан соң мекемеге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары келді.

«Балабақшада санитарлық талаптар өрескел бұзылғаны анықталды. Факті Жетісу облысы бойынша Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінде тіркелді. Жауаптылар заңға сәйкес жазаға тартылады», – деді Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Нұрмұхамбет.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай бұған дейін Қандыағаштағы «Самал» балабақшасында да болған. Ол кезде ата-аналар ботқадан жәндіктер тауып, бейнежазба таратып, кінәлілерді жазалауды талап еткен еді.

Материал авторы