«Барыс» хоккей клубының негізін қалаған алғашқы бапкер өмірден өтті
Марқұм Қазақстандағы хоккейдің қалыптасуына үлкен үлес қосқан еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 77 жасында қазақстандық хоккейдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Владимир Пашковский дүниеден озды. Ол – «Барыс» клубының негізін қалаушы әрі алғашқы жаттықтырушысы. Бұл туралы журналист Майя Бекбаева хабарлады.
Бекбаеваның айтуынша, Пашковскийдің еңбегі елдегі хоккейдің қалыптасуы мен өркендеуінде айрықша орын алады.
«Бүгінгі жеңістер мен табыстардың, хоккейшілеріміз үшін сезінетін мақтаныштың артында Владимир Витальевичтің еңбегі, адалдығы мен спортқа деген шексіз махаббаты тұр. Оның еңбегін асыра бағалау мүмкін емес», – деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Владимир Пашковский 1948 жылы 7 қаңтарда Целиноградта дүниеге келген. 30 жылдан астам уақыт бойы Астана мен Ақмола облысының командаларын жаттықтырып, қазақстандық хоккейдің қалыптасуына жол ашты.
2005–2021 жылдары Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде ол ондаған жас спортшыны тәрбиелеп, республикалық деңгейдегі жарыстарға дайындаған.
Материал авторы