613

Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде төртінші мәрте жеңіске жетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде төртінші мәрте жеңіске жетті
twitter.com/FIDE_chess/

Аталған жеңісінен кейін ол турнирдің көшбасшылар тізіміне қайта оралды.

Жарыстың алтыншы кезеңінде Бибісара Асаубаева ресейлік белгілі шахматшы Полина Шуваловадан басым түсті. Бұл – қазақстандық спортшының аталған турнирдегі төртінші жеңісі. Осылайша, 4 балға ие болған ол турнир кестесінде бірінші орында келе жатқан Чжу Цзиньэрге жетті. Қытайлық шахматшы әзірге бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ.

Бибісара Асаубаева бүгін, 1 сәуірде үндістандық тәжірибелі шахматшы Хампи Конерумен шеберлік байқасады. Қарсыласы бұдан бұрын Азия чемпионы атанған.