Ақтөбеде өзеннен 108 киік өлексесі табылды

15.09.2025, 09:09
390
Ақтөбеде өзеннен 108 киік өлексесі табылды Gov.kz

Киіктер бір-бірін өлтірген болуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Қайрақты өзенінен 108 киік өлексесі шығарылды. Оның ішінде 60-ы аталық, 48-і аналық. Барлығы залалсыздандырылып, көмілген.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаевтың айтуынша, суатқа 10 мыңға жуық киік келген. Өзеннің кей бөлігі тартылып қалғанымен, терең тұстарында су сақталған. Жануарлар шөліркеп су ішпек болғанда бір-бірін таптап, шығынға ұшыраған болуы мүмкін.

«Өзеннің екінші жағында қалың қамыс бар, киік өте алмайды. Мыңдаған бас бір жерге жиналғанда өзара қыспаққа түсіп, қырылып қалуы ықтимал деген болжам бар. Сонымен қатар экология департаменті мен ветеринариялық қызмет мамандары судан сынама алды. Сараптама қорытындысы кейінірек жарияланады. Адам шығыны жоқ. Оқиға орнында 22 адам мен 8 техника жұмыс істеді», – деді Әуелбаев.

Ресми мәліметке сүйенсек, Ақтөбе өңірінде қазіргі таңда 300 мыңнан астам киік бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды