Қатар Израильге жауап қайтару үшін одақтастарын жинады

15.09.2025, 09:45
468
Қатар Израильге жауап қайтару үшін одақтастарын жинады Tasos Katopodis / Getty Images

Израиль тарапы ресми түсініктеме бермеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қатар астанасында араб және мұсылман елдерінің сыртқы істер министрлері бас қосып, Израильдің Дохадағы әуе соққысына қатысты ортақ ұстаным қалыптастыруды талқылап жатыр. Аталған шабуыл кезінде бес ХАМАС мүшесі мен бір катарлық қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан еді.

Қатардың премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман Әл Тани бұл оқиғаны «делдалдық принципіне жасалған шабуыл» деп атады. Оның сөзінше, Израильдің әрекеті халықаралық құқықты аяққа таптап, «мемлекеттік терроризмге» ұқсайды.

«Халықаралық қауымдастық Израильдің қылмыстарын жазасыз қалдырмауы тиіс. Қосарланған стандартты тоқтататын уақыт жетті», – деді ол саммит аясында жарияланған бейнеүндеуінде.

Саммит жобалық қарарына сәйкес, қатысушы мемлекеттер Израильдің Катарға жасаған соққысын және аймақтағы саясаттарын – «геноцид, этникалық тазарту, аштық, қоршау, отаршылдық пен экспансияны» – айыптауға дайын.

Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Ахмед Әбуль Ғейт те үнсіздік жаңа қылмыстарға жол ашатынын ескертті.

Израиль тарапы ресми түсініктеме бермеді. Дегенмен премьер-министр Биньямин Нетаньяху әлеуметтік желідегі жазбасында Қатарда жүрген ХАМАС жетекшілерін «соғысты тоқтатуға кедергі жасап отырған басты тұлғалар» деп атады.

ХАМАС өкілі Бассем Наим саммит араб-мұсылман елдерінің «біртұтас әрі нақты ұстанымын» қалыптастырады деген үміт білдірді.

Айта кетейік, Қатар ұзақ жылдар бойы ХАМАС басшылығына пана беріп, өзін Израиль мен ұйым арасындағы ара ағайын ретінде көрсетіп келеді. Бұл ел АҚШ пен Мысырмен бірге аймақтағы негізгі делдалдың бірі саналады.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды