414

Қазақстандық дизайнер күйеуінен қысым көріп жүргенін мәлімдеді

Бұрынғы күйеуі сотта істегендіктен, құзыретін асыра пайдаланып отыр дейді Томирис.

Қазақстандық дизайнер күйеуінен қысым көріп жүргенін мәлімдеді
instagram.com/si.12rt

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық интерьер дизайнері Томирис Нұрмағамбетова әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінің тарапынан тұрақты түрде зорлық-зомбылыққа, қорқыту мен бопсалауға тап болғанын айтты.

Айтуынша, ер адаммен ажырасу процесі бір жылдан бері созылып келеді. Осы уақыт аралығында ол қоқан-лоққы жасап, қол көтерген. Дизайнердің сөзіне сенсек, күйеуінің әкесі бұрын полицияда қызмет атқарған, ал өзі сот жүйесінде жұмыс істеп, байланыстарын пайдаланып, оған қысым көрсетіп жүр.

«Ол сотта істеді, қызметтік мүмкіндіктерін қолданды. Бір жылдан бері маған ажырасуға мүмкіндік бермей келеді. Қоқан-лоққы жасайды, шантаждайды, қол жұмсайды», – деп жазды Томирис әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, дизайнер полицияға бірнеше рет шағымданғанын жеткізді. Оның айтуынша, ер адам пәтеріне рұқсатсыз кіріп, аңдып жүріп, тіпті күндізгі уақытта оған шабуыл жасаған.

«Ол мені көлігімнен айырды, бірнеше рет қол көтерді. Сол себепті Павлодардан көшіп кетуге мәжбүр болдым», – дейді ол.

Нұрмағамбетованың айтуынша, күйеуі баласына ешқандай материалдық көмек көрсетпеген. Павлодардағы жеке балабақшаның ақысын оның ата-анасы төлеп келген.

Қазір дизайнердің мәлімдемесіне қатысты құқық қорғау органдарының ресми түсініктеме берілмеді.

Материал авторы