«Қайрат» қақпашысы Анарбеков жарақаты үшін алдағы бірнеше ойынға қатыса алмайды
«Ақтөбемен» ойында Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып алған еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып алды. Клубтың баспасөз қызметі оның алдағы матчтарға қатыса алмайтынын растады.
«Алдын ала қойылған диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, Темірлан алдағы уақытта алаңға шыға алмайды. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады», – деді клубтың медиа-офицері Арман Жақсығұлов.
Жарақат Премьер-лиганың 23-турындағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде орын алды. Ойынның 10-минутында Анарбеков ақтөбелік Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр соққы алды. Кейін оның сүйегі сынғаны белгілі болды.
Материал авторы