«Қайрат» – «Реал» матчы: билеттер қашан сатылады және бағасы қанша болады?

15.09.2025, 14:51
392
«Қайрат» – «Реал» матчы: билеттер қашан сатылады және бағасы қанша болады? instagram.com/f.c.kairat

Билеттерді тек ресми сайттан алуға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі барлық үй матчтарына билеттер сату тәртібін жариялады. Олардың ішінде ең күткен ойындардың бірі – «Реал Мадридке» қарсы кездесу.

Клуб мәліметінше, «Қайрат» – «Реал» ойынына билеттер 23 қыркүйекте сағат 17:00-де (Алматы уақыты) сатылымға шығады. Бір адамға (бір ЖСН бойынша) ең көп дегенде екі билеттен ғана сатып алуға рұқсат етіледі. Мәліметтер сатып алу кезінде де, стадионға кірген кезде де мұқият тексеріледі.

Билеттердің құны – 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Бұл бағалар УЕФА-мен келісілген және барлық үй матчтарына бірдей қолданылады. Клуб өкілдері мұндай саясат Чемпиондар лигасының талаптарына және халықаралық тәжірибеге сәйкес екенін атап өтті.

Сонымен қатар абонемент иелеріне өз орындарын алдын ала және жеңілдетілген бағамен алу мүмкіндігі беріледі. Дәстүр бойынша билеттердің бір бөлігі әлеуметтік және клубтық квота аясында бөлінеді: олар академия тәрбиеленушілеріне, филиал ойыншыларына, паралимпиадалық спортшыларға, клуб ардагерлері мен қызметкерлеріне беріледі.

Айта кетейік, «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы – 21:45.

Еске сала кетсек, жақында «Қайраттың» негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков премьер-лиганың 23-турындағы матчта жарақат алып, алдағы кездесулерге қатыса алмайтыны белгілі болды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды