SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылы қазан айында ел тұрғындары тоғыз күн демалады.
Мерекелік және демалыс күндерінің ресми күнтізбесіне сәйкес, айдағы басты мейрам – 25 қазан, Республика күні. Бұл күн сенбіге сәйкес келгендіктен, мереке құрметіне қосымша демалыс дүйсенбіге – 27 қазанға ауыстырылады.
Осылайша:
5 күндік жұмыс аптасында – 25, 26 және 27 қазан демалыс күндері болады;
6 күндік жұмыс аптасында – 25 және 26 қазан демалыс болып, 27 қазан жұмыс күніне түседі.
Жалпы алғанда, қазан айында жұртшылық 9 күн тынығады.
Айта кетейік, Республика күні – Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған еді. Бұл құжат елдің тәуелсіздікке қадам басуына жол ашқан тарихи шешім болып саналады.
RUS