Нариман Құрбанов халықаралық турнирде алтын жүлдегер атанды

16.09.2025, 09:09
498
Нариман Құрбанов халықаралық турнирде алтын жүлдегер атанды olympic.kz

Нариман Париж олимпиадасында Қазақстан қоржынына күміс жүлде салған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нариман Құрбанов Германияда өткен FIG World Challenge Cup – 2025 халықаралық турнирінде ат снарядындағы жаттығуда топ жарып, чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы финалда 15.066 ұпай жинап, үздіктер қатарында бірінші орыннан көрінді. Күміс медальді армениялық Гамлет Манукян (14.800), қола жүлдені италиялық Габриэль Таргетта (14.733) иеленді.

1997 жылы дүниеге келген Нариман Құрбанов – қазақстандық спорттық гимнастиканың жарқын жұлдыздарының бірі. Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасында финалда 15.433 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Бұған дейін үш мәрте Азия чемпионы атанып (2023, 2024, 2025), 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды.

Нариман гимнастикаға небәрі бес жасынан келген. Алғашқы бапкері – өз әкесі. Оның айтуынша, табандылығы мен еңбегінің арқасында әлемдік аренада Қазақстанның атын шығару – бала күнгі арманы болған.

Жерлесіміздің кезекті жеңісі еліміздің спорт тарихына тағы бір жарқын бет қосты.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды