SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда жаңа заң қабылданып, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында маңызды қадам жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес, енді сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Сталкинг – физикалық күш қолданусыз да адамға айтарлықтай психологиялық қысым түсіретін, еркіндігі мен жеке кеңістігін шектейтін әрекеттер. Оған үздіксіз қоңырау шалу, әлеуметтік желілерде қудалау, бақылау жасау, адамның келісімінсіз байланыс орнатуға тырысу сияқты әрекеттер жатады.
Жаңа заңға сәйкес мұндай қудалау үшін:
200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл,
200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары,
50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Министрлік атап өткендей, заң азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз етуге және психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
RUS