Қазақстандық алтын өндіруші санкциялардың кесірінен табыстың жартысынан айырылды

16.09.2025, 11:50
578
Қазақстандық алтын өндіруші санкциялардың кесірінен табыстың жартысынан айырылды Shutterstock/FOTODOM

Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық компанияның қаржысын «жұтып» қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Solidcore Resources (бұрынғы Polymetal) компаниясы Ресейге алтын концентратын жеткізудегі қиындықтар салдарынан биылғы алғашқы жартыжылдықтағы пайдасының 58 пайызын жоғалтты. Бұл туралы Reuters жазды.

Компанияның бас директоры Виталий Несистің айтуынша, жағдай шілде-тамыз айларында «едәуір жақсарған». Оның пікірінше, әлемдік нарықтағы рекордтық баға шығынды аз да болса өтеп отыр.

Алайда қымбатшылықтың әсерінен Solidcore Орталық Азиядағы жаңа алтын және мыс кеніштерін сатып алу жоспарларын кейінге қалдырды. Несис мәмілелердің «нашар жағдайда» екенін, себебі кеніш иелері құнын тым көтеріп жібергенін айтты.

Solidcore 2026 жылдың бірінші тоқсанында қордағы алтынның бір бөлігін сатуды көздеп отыр. Қазір алтын бағасы жыл басынан бері шамамен 40 %-ға өсіп, өткен аптада тарихи рекорд – 3 673,95 доллар/унция деңгейіне жетті.

«2025 жылы алтын бағасы өндірістің 11 %-ға төмендеуін айтарлықтай өтейді. Дегенмен жыл соңына қарай баға 3,2 мың долларға дейін түсуі мүмкін», – деді Несис.

Компания Ресейдегі активтерін 2024 жылы сатып жібергенімен, АҚШ билігінен арнайы рұқсат алып, концентратты сол елге өңдеуге жөнелтуді жалғастырып келеді. Бұл келісім 2028 жылға дейін күшінде болады. Сол уақытқа қарай Solidcore Ертіс гидрометаллургиялық комбинатын (Иртыш ГМК) іске қоспақ. Жобаға 500–600 млн доллар қаржы тарту жоспары бар.

Solidcore — Қазақстандағы ең ірі алтын өндірушілердің бірі. Компанияның негізгі өндіріс орындары — Абай облысындағы «Қызыл» (Бақыршық) кен орны және Қостанай облысындағы Варваринский хабы. Биыл наурызда компания солтүстікте орналасқан Тоқтар алтын кен орнын сатып алатынын хабарлаған. Бірақ рекордтық бағаға байланысты бұл келісімнің жүзеге асуы әлі белгісіз.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды