Нетаньяху: Газа қаласын басып алу операциясын бастадық!
98-дивизия мен 162-дивизия авиацияның жойқын соққыларының қолдауымен алға жылжи бастады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа қаласында Армия қорғанысы (ЦАХАЛ) «қуатты әскери операция» бастағанын мәлімдеді.
БАҚ дерегінше, 98-дивизия мен 162-дивизия авиацияның жойқын соққыларының қолдауымен алға жылжи бастады. Израиль әскерлері қала шетіне жетіп, ары қарай шабуылға шығу үшін плацдарм құруда. Алдағы күндері 36-дивизия да қосылады деп күтіледі.
Kan Газаға танктер мен бронетехника кірді деген хабарларды жоққа шығарды. Телерадиокомпания жариялаған суреттерде ЦАХАЛ әскерилері қалаға таратқан парақшаларда:
«Бұл қағазды көрсеңіз, сіз қақтығыс аймағындасыз» деген ескерту жазылған.
Израильдік әскери басшылықтың айтуынша, операция барысында басты назар әскердің қауіпсіздігіне аударылады, жылдамдыққа емес.
Еске сала кетсек, 3 тамызда Нетаньяху «ХАМАС» қозғалысымен қақтығысты әскери күшпен тоқтататынын жариялаған болатын. Бұған дейін интернетте қамауда отырған тұтқындардың түрі нашарлаған видеолар тараған еді. Олар 2023 жылғы 7 қазанда «Хамастың» Израильге жасаған шабуылы кезінде тұтқынға алынған.
Материал авторы