508

Ұлыбритания Ресейдің НАТО аумағына дрондарымен шабуыл жасаса, күшпен жауап беретінін ескертті

Ресей тарапынан дрондардың Польша аумағына кіргені расталмағанымен, Ұлыбритания билігі жауапкершілікті Мәскеуге жүктеп отыр.

Ұлыбритания Ресейдің НАТО аумағына дрондарымен шабуыл жасаса, күшпен жауап беретінін ескертті
Михаил Метцель/ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Польшада болған дрон оқиғасынан кейін Ресейдің «агрессиясын» тоқтатуды талап етті.

Лондон өз мәлімдемесінде «Польша, Румыния, Украина және НАТО одақтастарымен бірге екенін» атап өтіп, кез келген жаңа шабуылға күшпен жауап беруге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ведомство Ресей елшісін шақырғаннан кейін таратқан хабарламасында жазылды.

Британ СІМ «НАТО әуе кеңістігінің бұрын-соңды болмаған бұзылуына» байланысты Ресейдің Лондондағы елшісі Андрей Келинді шақыртқанын мәлімдеді. Ресей тарапынан дрондардың Польша аумағына кіргені расталмағанымен, Ұлыбритания билігі жауапкершілікті Мәскеуге жүктеп отыр.

«НАТО күштерінің әрекеті Альянстың Ресей қадамдарына қаншалықты салмақты қарайтынын көрсетеді. Біз шығыс шекарадағы қорғанысты күшейтіп жатырмыз. Бұл үшін дрондарға қарсы жаңа технологиялар мен заманауи қару-жарақ қолданылуда», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ ведомство Ресейдің «үздіксіз агрессиясы» НАТО-ның бірлігін одан сайын нығайтып отырғанын атап өтті.

«Кез келген жаңа басқыншылық күшпен тоқтатылады», — деп қосты министрлік.

Ал Ресей Қорғаныс министрлігі 10 қыркүйекке қараған түні Польша аумағына соққы жасау жоспарланбағанын, қолданылған дрондардың ұшу қашықтығы 700 шақырымнан аспайтынын айтты. Мәскеу бұл мәселе бойынша консультация өткізуге дайын екенін жеткізді.

Материал авторы