470

Ертістен 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Бір апта бұрын жоғалған жігіт өлі күйінде табылған.

Ертістен 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды
udf.name

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 қыркүйекте жоғалған жігіттің денесін құтқарушылар өзеннен алып шықты.

«Іздестіру шаралары барысында Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары өзен портынан төменгі аумақта Ертістен ер адамның денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол — 2003 жылы туған, 10 қыркүйекте хабар-ошарсыз кеткен жігіт», – делінген ведомство хабарламасында.

Іздеу жұмыстарына суасты дыбыс өлшегіш қолданылған. Мәйіт полицияға тапсырылды.

 

Материал авторы