Талдықорғанда сот орындаушы 2 млн теңгеден астам алиментті жымқырған

16.09.2025, 15:55
307
Талдықорғанда сот орындаушы 2 млн теңгеден астам алиментті жымқырған Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Алименттің басым бөлігін өз қалтасына басқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда жеке сот орындаушысы алимент төлемдерін заңсыз иемденіп, балаларды өздеріне тиесілі қаржысынан айырған. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Тергеу дерегінше, сот орындаушысы жұмыс берушілерден борышкерлердің жалақысынан ұсталған алимент қаражатын қабылдап, оның басым бөлігін өз қалтасына басқан. Тек азғантай бөлігін ғана алушыларға аударып отырған.

Мәселен, бір жағдайда 2025 жылдың сәуір-маусым айларында оның есепшотына 570 мың теңгеден астам алимент түскен. Бірақ ол соның небары 170 мың теңгесін ғана тиісті адамға жолдаған, қалғанын иемденген.

Тексеру барысында мұндай әдісті бірнеше рет қолданғаны анықталды. Жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеден асты.

Аталған фактілер бойынша Талдықорған прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы («Өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді