585

Ақтөбеде КамАЗ жүк көлігі әйелді қағып өлтірді

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды.

Ақтөбеде КамАЗ жүк көлігі әйелді қағып өлтірді
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, КамАЗ жүк көлігі жол жиегінде тұрған әйелді қағып, ол оқиға орнында қаза тапты.

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады.

«16 қыркүйек күні Едіге батыр даңғылында жол-көлік оқиғасы тіркелді. КамАЗ маркалы жүк көлігі жолдың шетінде тұрған әйелді қағып кетті. Жәбірленуші алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдай орнына бірден патрульдік полиция мен жедел-тергеу тобы жіберілген. Қазір апаттың мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы