«Аяғын сүйді»: Айжұлдыз Адайбекованың күйеуінің әрекеті желіде дау тудырды
Атам көрсе ұрсып тастар еді дейді наразылар.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Айжұлдыз Адайбекованың күйеуі, спортшы Сәкен Қағаров әлеуметтік желіде сынға қалды. Бұған ерлі-зайыптылардың жеке парақшасында жарияланған видео себеп болды.
Бейнежазбада Сәкен Қағаров жұбайына аяқкиімін кигізіп, аяғынан сүйіп жатқан сәт түсірілген. Ол видеоны «Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың» деген жазбамен бөліскен.
Алайда көпшілік бұл әрекетті әртүрлі қабылдады. Бірі мұны ерлі-зайыптылар арасындағы қамқорлық пен сыйластықтың белгісі деп бағаласа, енді бірі шамадан тыс қадам деп сынға алды.
«Айжұлдыз нағыз бақытқа лайық», «Осындай қамқор жігітті қайдан табуға болады?», – деп сүйсінгендер де табылды.
Ал қарсы пікір білдіргендер:
«Өзінің анасын да осылай құрметтеді ме екен?», «Әйелді сыйлау керек, бірақ шектен шықпау қажет», «Атам көрсе ұрсып тастар еді», – деп наразылықтарын жазды.
Кейбір қолданушылар тіпті «Бұл әрекет жастарға өнеге болмайды» деп пікір қалдырды.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров биыл мамыр айында шаңырақ көтерген. Қос блогер жақында гендер-пати өткізіп, көпшілікке ата-ана атанатындарын сүйіншіледі.
Материал авторы