Күдікті Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінде арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде 18 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің бір түрі «α-пирролидиновалерофеноннің» 45 бумасы табылды.
«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 21,19 грамм, бұл – аса ірі мөлшер деп есетелінеді. Жалпы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіледі.