Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде зорлап, өлтіріп кеткен қаскөй сантехникке сот үкім шығарды

17.09.2025, 09:45
2291
Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде зорлап, өлтіріп кеткен қаскөй сантехникке сот үкім шығарды SMARTNEWS.KZ коллажы

NCOC менеджері Шпанова жүкті болғанына қарамастан, оны сантехник аяусыз өлтіріп, тонап кеткен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты 46 жастағы Бибігүл Шпанованың өліміне қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды. Ол NCOC мұнай компаниясында менеджер болып жұмыс істеген еді.

Тергеу деректеріне сәйкес, 38 жастағы Арман Жетпісов – бұрын сотталған, тұрақты жұмысы жоқ қала тұрғыны. Ол өзін жөндеуші шебер ретінде көрсетіп, Шпанова тұрған «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде ұсақ жұмыстар істеген. Әйел одан орындалмаған жұмыс үшін ақшасын қайтаруды талап еткен.

Осыдан кейін Жетпісов оның үйіне барып, бірнеше рет пышақ жарақатын салып, зорлық-зомбылық көрсеткен. Сондай-ақ ол марқұмның заттарын, телефон, кілт және көлігін алып кеткен. Кейін Маңғыстау облысында жол апатына түсіп, қолға түсті. Оның жанынан Шпановаға тиесілі заттар табылды.

Айыпталушыға «алаяқтық», «зорлау», «ұрлық», «көлікті айдап әкету» және «аса қатыгездікпен әйел адамды өлтіру» баптары бойынша айып тағылды.
Сот процесі жабық режимде өтті. Үкімді судья Зарема Хамидуллина оқыды.

«Сотталушы «егер оның жүкті екенін білгенде, өлтірмес едім» деді. Бірақ адам өмірін қиюға ешкімнің құқы жоқ. Бұл – екі бірдей адамның өлімі. Әйелді ғана емес, іштегі баласын да өлтірді», – деді судья.

Сот барысында Жетпісов туыстарынан кешірім сұрағанымен, шынайы өкініш білдірмегені атап өтілді. Оның кінәсі бейнебақылау камерасындағы жазбалармен де дәлелденді.

Арман Жетпісов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейді.

Үкім жарияланған сәтте марқұмның туыстары көз жасына ерік беріп, сот залында қол шапалақтады. Олар әділдік орнағанын айтып, көз жастарын жасыра алмады.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті