392

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық бизнесменнің ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық бизнесмен Алмаз Зариповтың жұбайы күйеуінің қамауға алынғанын айтқан еді.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық бизнесменнің ісіне қатысты мәлімдеме жасады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) әлеуметтік желілерде тараған бейнеүндеуге жауап берді. Онда қазақстандық кәсіпкер Алмаз Зариповтың жұбайы күйеуінің қамауға алынғанын айтып, оның ісінде заңсыздық барын мәлімдеген еді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Зариповтың жұбайы ері 22 тамызда 13 жыл бұрын қозғалған іске байланысты ұсталғанын жеткізген. Оның сөзінше, отбасыдан еркіндік үшін 2,5 миллион доллар талап етіліп, сонымен қатар өздеріне тиесілі KazBrand зауыты рейдерлік жолмен тартып алынуда.

МҰҚК дерегінше, тергеу Қырғызстан азаматының арызы негізінде басталған. Ол Қазақстан азаматы «З.А.»-ға (Алмаз Зарипов) 2,5 миллион доллар бергенін, бірақ уәде етілген астық жеткізілмей, ақшасы қайтарылмағанын айтқан.

«Тергеу барысында бұл факт расталды. Қазақстан азаматы "З.А." ұсталып, оған айып тағылды. Сот тергеу жүріп жатқан кезеңде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген МҰҚК хабарламасында.

Ведомство қамаудағы кәсіпкер кінәсін мойындап, шығынды өтеуді бастағанын атап өтті. Осыған байланысты оған қатысты қамаудан тыс бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Материал авторы