480

Алматыда жаңа асфальт бір аптада опырылып, автобустар жүре алмай қалды

Автобус шұңқырға түсіп кеткен көрінеді.

Алматыда жаңа асфальт бір аптада опырылып, автобустар жүре алмай қалды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде (Абай даңғылынан төмен) жаңа төселген асфальт опырылып түсті. Оқиға куәгерлері түсірген видео әлеуметтік желіде тарады.

Кадрдан екі жолаушылар автобусының жол шұңқырына батып, орнынан қозғала алмай тұрғаны байқалады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, асфальт небәрі бір апта бұрын ғана төселген.

«Жаңа жабын жарылып, ойықтар пайда болды. Мұндай жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, көлікке де зиян тигізуі мүмкін», – делінген желідегі жазбада.

Коммуналдық қызметкерлер қазір автобустарды батпақтан шығару жұмыстарына кірісті.

Материал авторы