Қарағандыда мұғалім қызды алып қашып, жазадан құтылып кеткен

17.09.2025, 15:25
420
Қарағандыда мұғалім қызды алып қашып, жазадан құтылып кеткен бейнежазбадан

Істің қозғалғанына 10 ай өтсе де, нәтиже жоқ көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында мектеп мұғалімі жас қызды күштеп көлікке отырғызып, ауылына алып кеткен. Бойжеткеннің ата-анасы оны дер кезінде құтқарып, полицияға арызданғанымен, қылмыстық іс он айдан бері созылып келеді.

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. 23 жастағы жігіт қызбен екі аптадай кездескеннен кейін қарым-қатынасты үзгісі келгенін естіген соң, оны жұмыстан шыққанда достарымен бірге ұстап әкеткен. Қызды көлікке күштеп отырғызып, ауылына жеткізген. Жолда ол ата-анасына геолокацияны жіберіп үлгерген.

Ауылға барған кезде жігіттің туыстары ақ орамал ұстап күтіп тұрған. Алайда қыздың жақындары дереу жетіп, оны алып кеткен.

«Ол мені қорқытып, амалсыз келісесің деді. Әлі күнге дейін бостандықта жүргеніне қорқамын», – дейді бойжеткен.

Қыздың арызы полицияда бір жарым айдан кейін ғана тіркелген. Бірақ істің қозғалғанына 10 ай өтсе де, нәтиже жоқ. Туыстары аудандық, облыстық және Бас прокуратураға шағымданғанымен, әр жолы «күте тұрыңыздар» деген жауап алған.

«Куәгер бар, бейнежазба бар. Неге іс сотқа жетпейді? Бізден істі жауып тастау үшін ақша сұрады. Келіскен жоқпыз. Ол заң бойынша жазалануы керек», – дейді жәбірленушінің анасы.

Қазір іс «Адам ұрлау» бабымен тергеліп жатыр. Қазыбек би ауданының прокуратурасы қыздың ата-анасын жеке қабылдап, тергеудің жайын түсіндіргенін хабарлады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды