372

Алматыда ерлі-зайыптылардың көлігін бөгеп, жанжал шығарған екі ер адам ұсталды

Ерлі-зайыпты қаскөйлерден аман-есен құтылған.

Алматыда ерлі-зайыптылардың көлігін бөгеп, жанжал шығарған екі ер адам ұсталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жол үстінде ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған екі ер адам ұсталды. Оқиға Алатау ауданында болған.

Полиция дерегінше, белгісіз екі азамат ерлі-зайыптылардың көлігін әдейі бөгеп, арандатушылық әрекеттер жасаған. Жәбірленушілер сабыр сақтап, көліктен түспей, жағдайды бейнежазбаға түсіріп, дереу «102»-ге қоңырау шалған.

Полиция қызметкерлері жедел жетіп, құқық бұзушыларды ұстады. Олар ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылып, сот шешімімен біреуі – 5 тәулікке, екіншісі – 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Азаматтардың дер кезінде хабарласуы және болған жағдайды бейнетіркеуге алу жанжалдың ушығып кетуіне жол бермеді. Тұрғындарға қырағылығы үшін алғыс айтамыз. Мұндай жағдайда ең бастысы – сабыр сақтау, оқиғаны тіркеу және дереу полицияға хабарласу», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Материал авторы