Қазақстандық пойыздарда Илон Масктің Starlink интернеті сынақтан өтеді

17.09.2025, 18:16
410
Қазақстандық пойыздарда Илон Масктің Starlink интернеті сынақтан өтеді Starlink

Байланыс сапасы жаман емес дейді басқарма төрағасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық жолаушылар пойыздарында Илон Маск негізін қалаған Starlink спутниктік интернеті орнатыла бастады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, алғашқы тестілік қосылулар жақсы нәтиже көрсеткен. Енді компания интернетті тағы екі стандартты пойызға енгізуді жоспарлап отыр.

«Starlink жақында ғана нарыққа шықты, біз оны іске қостық. Байланыс сапасы жаман емес, бірақ ел аумағы кең болғандықтан, әр өңірде сынап көру қажет. Әзірге ең оңайы – "Тальго" пойыздарына орнату. Қазір бізде 25 құрам бар, егер экономикалық тұрғыдан тиімді болса, барлығына қосамыз», — деді Ахметжанов.

Ол сондай-ақ интернет жүйесін стандартты пойыздарда да сынау жоспарланғанын атап өтті. Қазан айында «Ақтөбе–Алматы» және «Қызылорда–Семей» бағытындағы пойыздарда пилоттық режимде орнату басталмақ.

«Жыл соңына дейін технологияны басқа бағыттарда да сынап көреміз. Егер нәтиже оң болса, жобаны кеңейтуге дайынбыз. Қазір серіктесіміз бар», — деп нақтылады ол.

Еске сала кетейік, биылғы қаңтарда Қазақстанда пойыздарға интернет енгізу бойынша пилоттық жоба басталған еді. Алғашқы сынақ «Астана–Алматы» бағыты бойынша жүретін №3/4 пойызында өткен. Кейін өткен жылдың қазан айында жолаушыларға жаңа сервис қолжетімді болып, фильмдер көруге, музыка тыңдауға мүмкіндік туған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады