Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әкесіне жаңа көлік тарту етті
Әлем чемпионатына баруым үшін әкем көлігін сатты дейді чемпион.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемдік рингте ел намысын асқақтатқан қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әкесіне су жаңа автокөлік сыйлады. Бұл жаңалық көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Жуырда Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақта қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтын медаль иеленген спортшы осы қадамы арқылы әкесіне деген алғысын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Балқыбекова:
«Әлем чемпионатына баруым үшін әкем көлігін сатты», — деп айтқан еді.
Сол кезде отбасының қолдауын арқалап үлкен аренаға шыққан боксшы бүгінгі жеңісімен бірге әкесіне жаңа көлік сыйлап, құрметін көрсетті.
Бұл әрекет тек спорттағы жетістігін ғана емес, Алуаның адамгершілігі мен әке еңбегін бағалай білетінін де айқындап отыр.
Материал авторы