Грузия Қазақстанға 28 млн доллар қарызын қайтарды

18.09.2025, 09:09
372
Грузия Қазақстанға 28 млн доллар қарызын қайтарды Midjourney көрнекі суреті

Грузия Қазақстанға соңғы берешегін өтеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грузия Қазақстанға және басқа да несие беруші елдерге 2004 жылы Париж клубы аясында қайта құрылымдалған сыртқы қарызын толық өтеді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Commersant басылымының дерегінше, Грузияның жалпы берешегі 225 млн доллардан асқан. Оның ішінде Қазақстанға тиесілі қарыз көлемі 28 млн доллар болған. Бұл сомаға 1999 жылға дейінгі мерзімі өткен несиелер, 1999–2004 жылдар аралығындағы пайыздар және 2004–2006 жылдарға жоспарланған төлемдер кірді.

Қазақстанға соңғы төлем – 636 мың доллар – 2025 жылдың қыркүйегінде жасалып, он жылдан астам уақытқа созылған қарызды өтеу процесі толық аяқталды.

Грузия 2004 жылы мынадай елдер алдындағы берешегін де қайта құрылымдаған еді:

Ресей – 153 млн доллар

Түркия – 53,4 млн доллар

Армения – 19,6 млн доллар

Әзербайжан – 16,2 млн доллар

Иран – 12,8 млн доллар

2025 жылдың қыркүйегіне қарай бұл елдерге де барлық қарыз қайтарылды.

Грузия Қаржы министрлігі қарызды толық өтеудің ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Министрлік мәлімдемесінде бұл қадам мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын күшейтіп, халықаралық серіктестердің сенімін арттыруға және экономикалық өсімге жағдай жасауға мүмкіндік беретіні айтылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды