489

Жамбылдағы түрмелерге дронмен есірткі жеткізбек болғандар ұсталды

Биылдың өзінде 142 мобильді телефон тәркіленген.

Жамбылдағы түрмелерге дронмен есірткі жеткізбек болғандар ұсталды
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында қылмыстық топтар түрмелерге тыйым салынған заттарды жеткізу үшін дрондарды пайдалана бастаған.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылы аймақта алғаш рет әуе құрылғылары арқылы сымсыз телефондар мен SIM-карталар жеткізу әрекеттері тіркелген. Жыл басынан бері осындай бес дерек анықталған.

Сонымен қатар биылғы жылы түзеу мекемелерінен:

5,5 литр алкоголь,

879 граммға жуық есірткі,

142 мобильді телефон тәркіленген.

Тыйым салынған заттарды жеткізуге байланысты 46 адам ұсталды. Олардың басым бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды – айыппұл, ескерту және қамауға алу жазалары қолданылған. Ал 10 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар есірткі сақтау және тарату деректері бойынша тергелуде.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ерлан Оразгелдиев:

«Қылмыскерлер түрмелерге телефон мен есірткі жеткізудің жаңа амалдарын ойлап табуда. Биыл біз алғаш рет дрондардың қолданылғанына куә болдық», – деді.

Қазіргі таңда түрмелерде бақылау шаралары күшейтіліп, барлық жеткізу арналарының жолын кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Материал авторы