Ақтөбеде екі әйел «декретке миллионмен» атты алаяқтық схемасы үшін сотталды

18.09.2025, 10:47
518
Ақтөбеде екі әйел «декретке миллионмен» атты алаяқтық схемасы үшін сотталды ratujzycie.pl

Мемлекетке келген шығынның жалпы көлемі 98 млн теңгені құрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде екі есепші әйел мемлекеттен жәрдемақыны заңсыз жолмен алып келгені үшін сотталды.

28 және 39 жастағы айыпталушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық және бухгалтерлік есеппен айналысқан. Олар декретке шығатын әйелдерді ондаған жалған ЖК-ге жұмыс істейтіндей етіп көрсетіп, Salyk.kz порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен салық есептілігін (910.00 нысаны) тапсырған. Сөйтіп ресми түрде жұмыс істемеген әйелдер жүктілік пен босануға байланысты, сондай-ақ бала күтіміне арналған төлемдерді заңсыз алып отырған.

Тергеу дерегінше, алаяқтардың бірі онлайн-курстан өтіп, «Декретке миллионмен» деген схемаға қаныққаннан кейін, оны танысына ұсынып, іске кіріскен. 2023–2024 жылдар аралығында олар ондаған әйелге жалған құжат рәсімдеп, миллиондаған теңге жәрдемақы алуға көмектескен.

Мемлекетке келген шығынның жалпы көлемі 98 млн теңгені құрады.

Сот екі әйелді ірі көлемдегі алаяқтық үшін кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасынкесті. Алайда ҚК-нің 74-бабына сәйкес, үкімнің орындалуы бес жылға шегерілді — сотталушылардың балалары 14 жасқа толғанға дейін олар түрмеге отырмайды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады