SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Израиль спортшыларын халықаралық жарыстардан шеттетуге негіз жоқ екенін мәлімдеді. Ұйымның түсіндіруінше, олар палестиналық спортшылармен ешқандай қақтығысқа түспеген.
ХОК-тың айтуынша, Париждегі Олимпиада ойындары кезінде екі елдің делегациялары Олимпиада ауылында «бір шаңырақ астында» тұрған. Сонымен қатар, Израиль мен Палестина ұлттық олимпиадалық комитеттері ресми түрде танылған және тең құқықтарға ие. Екі ұйым да Олимпиадалық хартияны сақтап отыр.
Бұған дейін Испания премьер-министрі Педро Санчес ХОК-қа Израиль спортшыларын жарыстардан шеттету жөнінде үндеу жасаған еді. Сондай-ақ Испанияның мемлекеттік телерадиокорпорациясы RTVE 2026 жылы Венада өтетін «Евровидение» байқауына Израиль қатысса, байкот жариялайтынын мәлімдеген.
RUS