Енді Қазақстанда жәрдемақы тағайындауды жасанды интеллект шешеді

18.09.2025, 14:18
869
Енді Қазақстанда жәрдемақы тағайындауды жасанды интеллект шешеді Freepik

Жәрдемақы алуға лайық адамды робот анықтамақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда адресаттық әлеуметтік көмек беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілмек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.

Анафиннің сөзінше, жаңа технологиялар азаматтардың мүлкін автоматтандырылған түрде бағалауға мүмкіндік береді. Жобаның алғашқы кезеңінде жасанды интеллект жергілікті органдарға ұсыныс беріп отырады.

Екінші кезеңде FSM Social мобильді қосымшасы арқылы computer vision технологиясы қолданылады. 2025 жылдың басынан бері 100 мыңнан астам отбасы тексеріліп, 90 мың өтініш бойынша тұрғындардың тұрмыс жағдайын көрсететін фотосуреттер зерттелген. Бұл тәсіл жүйеге жоғары дәлдікпен болжам жасауға мүмкіндік береді. Енді осы модельді жаңа өтініштерге сынақ ретінде енгізіп, кейін статистика жинау жоспарланып отыр.

Министрлік роботтандырылған жүйенің артықшылықтарын атап өтті:

жәрдемақыға құқығы бар азаматтарды дәлірек анықтау;

ашықтықты күшейту;

адами факторды азайту.

Сонымен бірге вице-министр қазақстандықтардың құқықтары қорғалатынын, ал жүйенің қатесі анықталса, шешімдер қолмен қайта қаралатынын айтты.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды