Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Хабарлама Ақордада жарияланды.
"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.