SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ диджейі Иманбек Зейкенов (Imanbek) екінші рет беделді музыкалық сыйлыққа ұсынылды. Бұл жолы ол Latin Grammy-ге үміткер атанып отыр.
Музыканттың аргентиналық әнші Taichu-мен бірге жазған Ella Quiere Techno трегі «Үздік латынамерикалық электронды музыка орындауы» номинациясына енді. Салтанатты марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.
Иманбек бұған дейін негізгі Grammy сыйлығын жеңіп алған алғашқы қазақстандық музыкант ретінде тарихқа енген. Оның әйгілі Roses ремиксі «Жылдың үздік ремиксі» атанған болатын.
Ол кезде өнерпазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтап, Иманбектің таланты мен табандылығының арқасында әлемдік шоу-бизнестің ең биік шыңына шыққанын атап өткен еді.
RUS