Алматыда ректорлық қызметті 200 мың долларға сатылған

18.09.2025, 15:55
571
Алматыда ректорлық қызметті 200 мың долларға сатылған SMARTNEWS.KZ коллажы

Алаяқ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры қызметі үшін 37 млн теңге алған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жеке компанияның директоры аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ауэзов аудандық сотының материалдарына сәйкес, 2015 жылы айыпталушы жәбірленушіден 200 мың АҚШ долларын (сол кездегі бағам бойынша 37 млн теңге) алған. Ол Білім министрлігіндегі «таныстары» арқылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры қызметіне тағайындалуға көмектесемін деп уәде берген. Алайда уәдесін орындамай, ақшаны өз қажетіне жұмсап жіберген.

Сот айыпталушының әрекетін «аса ірі көлемдегі алаяқтық» деп саралады (ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармақ).

Дегенмен, қылмыс жасалғаннан бері 10 жыл өтіп кеткендіктен, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен мерзімнің өтуіне байланысты босатты.

Сонымен бірге, азаматтық талап қанағаттандырылды: айыпталушыдан жәбірленушінің пайдасына 37,07 млн теңге және мемлекет пайдасына 370,7 мың теңге мемлекеттік баж өндіру шешімі шықты.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Ол 15 күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағымдануға жатады. Осы уақыт аралығында айыпталушыға елден шықпау және тиісті тәртіпті сақтау жөнінде қолхат қалдырылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды