Эстонияда орыс тіліндегі жекеменшік мектептерге қаржы бөлуді тоқтатпақ

18.09.2025, 16:36
398
Эстонияда орыс тіліндегі жекеменшік мектептерге қаржы бөлуді тоқтатпақ Siim Lõvi /ERR

Үкімет эстон тіліндегі оқытуды жолға қоймақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Эстонияның білім және ғылым министрі Кристина Каллас алдағы уақытта мемлекет тек эстон тілінде білім беретін жекеменшік мектептерді ғана қаржыландыратынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл қадам кейбір саяси ұйымдардың орыс тілінде оқытатын жекеменшік мектептер ашу туралы бастамасына тосқауыл болмақ.

«Осыны болдырмау үшін мен жекеменшік мектептер туралы заңға өзгеріс енгізуді қолға алдым. Яғни мемлекеттік қаржыландыру тек эстон тіліндегі жекеменшік мектептерге беріледі. Бұл қазіргі абсурд жағдайды жояды: муниципалды мектептер орыс тілінде оқытқаны үшін қаражат алмайды, ал жекеменшік мектептер алып отыр. Демек, эстон тіліндегі оқытуға қайта оралудың жолы жоқ», – деді Каллас.

Оның сөзінше, Рийгикогуде орыс тілінде оқытуға қайта көшуге қолдау білдіретін көпшілік жоқ. Министр Нарва мен Кохтла-Ярведегі тексерістердің нәтижесіне тоқталып, аталған қалалардың эстон тіліндегі білімге көшу процесін «жеткілікті деңгейде» атқарып жатқанын атап өтті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды