Air Astana рейсінен кейін жолаушы iPhone 16 Pro Max-тан айырылды

18.09.2025, 17:59
336
Air Astana рейсінен кейін жолаушы iPhone 16 Pro Max-тан айырылды әлеуметтік желіден

Багаждағы су жаңа телефон қолды болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana әуе компаниясымен Алматы арқылы ұшқан жолаушы жолжүгінен жаңа iPhone 16 Pro Max смартфонының жоғалғанын мәлімдеді.

Жолаушы багажды алған сәтте шабадан қаптамасының сәл бүлінгенін байқапты. Үйге жеткен соң, несиеге сатып алынған қымбат телефонның жоқ екенін анықтаған.

«Бұл телефонды несиеге алған едім, әлі екі жыл төлеуім керек. Біз бірден полицияға арыз жаздық. Air Astana-ға да хабарластық, бірақ олар құнды заттарды багажға салуға болмайды деп, жауапкершілікті мойнына алмады», – дейді жәбірленуші.

Компания өкілдері жағдайға өкінетінін, бірақ халықаралық тәжірибеге сәйкес жолаушыларға бағалы заттарды жолжүкке тапсырмауға кеңес берілетінін жеткізді. Сондай-ақ әуе тасымалдаушысы тергеу жүргізіп жатқан құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Жолаушының сөзінше, мәселе тек телефонның жоғалуында емес, әуе компаниясының жауапкершілік алмауында. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады