«Төрт сағат бойы жалаңаяқ жүрдім»: Алматыдағы мейрамханада бойжеткен даяшыға аяғын сүрткізген (видео)

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2025, 18:26
758
«Төрт сағат бойы жалаңаяқ жүрдім»: Алматыдағы мейрамханада бойжеткен даяшыға аяғын сүрткізген (видео) бейнежазбадан

Ақшаңды төледім, аяғымды сүрт деген қыз жұрттың ашуына тиді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы Teatralka мейрамханасында келуші қыздың даяшыға аяғын сүрткізген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл жағдай жұртшылықтың ашуын туғызып, қызу талқыланды.

Кадрдан бойжеткеннің дөрекі түрде аяғын көтеріп, даяшыға сүртуге мәжбүрлегенін көруге болады. Ол даяшыға:

«Саған ақшаңды төледім. Енді дұрыстап сүрт, төрт сағат бойы жалаңаяқ жүрдім», – деп сөйлеген.

Жазба авторларының айтуынша, қыз бұл «қызмет» үшін 50 мың теңге төлеген. Видеодан оның мас күйде болғаны аңғарылады.

Желі қолданушылары бойжеткеннің әрекетін сынға алып, даяшыға жанашырлық білдірді:

«Білімді, тәрбиелі адам мұндайды істемейді. Әсіресе өзі бір кездері даяшы болып жұмыс істеген жан бұлай қорламас еді». «Енді ойлаңызшы: дәл сол даяшының орнында сіздің ұлыңыз немесе бауырыңыз болса ше? Бұл – ар-намысқа ауыр соққы». «Мейрамхана басшылығы да жауапсыз. Қонаққа да, жұмысшыға да құрмет жоқ. Мұндай жағдайға куә болсаңыз, дереу полиция шақырыңыз». «Бұл қыздың артында бір «ағасы» тұрғаны анық, әйтпесе мұндай шектен шыққан әрекетке бармас еді. Дегенмен, әрбір істің жазасы болады».

Жағдайға қатысты мейрамхана әкімшілігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды