323

Ұлытауда ер адам прокуратураның қақпасын сындырып тастады

Ол прокуратураны досының үйімен шатастырып алған.

Ұлытауда ер адам прокуратураның қақпасын сындырып тастады
яндекс

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысының тұрғыны мас күйінде прокуратура ғимаратының қақпасын достының үйі деп шатастырып, зақымдаған.

Оқиға 30 тамыз күні таңғы сағат 05:23 шамасында болған. Азамат Т. масаң күйде ғимарат қақпасын ашуға тырысқанымен, сәтсіз болған соң күшпен сындырып, жанындағы металл парақшаны да бүлдірген. Бұл туралы Liter.kz хабарлайды.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, келтірілген шығын көлемі 259 484 теңге 40 тиынды құраған. Оның бір бөлігі қайтарылып, қалғаны толық өтелетінін құқықбұзушы уәде еткен. Сотта ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Медициналық сараптама нәтижесінде азаматтың орта деңгейдегі мас күйде болғаны анықталды.

Сот оның әрекетін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша қарастырып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Материал авторы