Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешендерінен 71 жезөкшелік орда анықталды

19.09.2025, 13:17
369
Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешендерінен 71 жезөкшелік орда анықталды facebook.com/dvd.galmaty

Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендерін полиция тексеріп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Алмалы ауданында өткен рейд барысында бірнеше тұрғын үй кешендерінде жезөкшелікпен айналысатын пәтерлер әшкереленді. Полиция мәліметінше, заңсыз қызмет көрсеткен орындар «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде орналасқан.

Барлығы 71 притон анықталды. Пәтерлерін заңсыз қызмет үшін жалға берген меншік иелері жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар құжатсыз немесе тіркеусіз тұрған азаматтарға да шара қолданылды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Полиция күн сайын құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Ал тұрғындар өздері тұратын аумақтағы қауіпсіздікке бейжай қарамауы керек. Азаматтарды заңсыз әрекеттер туралы полицияға хабарлауға шақырамын», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Құқық қорғау органдары мұндай профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырмақ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді