Спорт интернатында жанжал: Анасы ұлын үлкендер қорлағанын айтты

19.09.2025, 14:18
327
Спорт интернатында жанжал: Анасы ұлын үлкендер қорлағанын айтты instagram.com/qazmedia.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы олимпиадалық резерв спорт мектебінде шу шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы олимпиадалық резерв спорт мектебінде оқитын жетінші сынып оқушысының анасы әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, баласына үлкен сыныптастары әлімжеттік көрсеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqstan Media жазды.

Маржан есімді әйелдің айтуынша, ұлы еркін күреспен айналысады. Соңғы апталарда оның мінез-құлқынан өзгеріс байқалған.

«Бұрын бейнеқоңыраумен сөйлескенді жақсы көретін, қазір бас тартып жүр. Үйге қайтқысы келетінін айтты. Кейін білгеніміздей, интернатта қатты буллинг болып жатыр. Үлкендер оларды ұрып-соғады, тамағын тартып алады, ақша жинайды. Қарсы шыққандарға қатаң жазалаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен», – дейді анасы.

17 қыркүйекте ол мектеп басшылығына ресми шағым жазған. Әйел бұл істің кеңінен жария болуын қалайды.

Мәселе бойынша спортинтернатта қызметтік тергеу басталды. Тренерлер мен тәрбиешілерден, психолог пен оқушылардан түсініктеме алынды. Куәгерлер де сұралды, сондай-ақ дене жарақатын растайтын медициналық құжаттар тексерілуде.

Баланың құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алғанын хабарлады. Комитет төрағасының тапсырмасымен психологтар мен өңірлік балалар құқығы жөніндегі уәкіл оқушы мен отбасына көмек көрсетуге барды.

«Бұл істі жан-жақты зерттеу жүріп жатыр. Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігіне және СҚО әкімдігіне хат жолданды. Балалардың құқығы мен қауіпсіздігі – мемлекет үшін басым бағыт. Бұған дейін де спорт мектептерінде қауіпсіздікке қатысты бірқатар заңбұзушылық анықталған», – деп мәлімдеді ведомство.

Комитеттің дерегінше, биыл жаңа оқу жылынан бастап «ДосболLIKE» атты антибуллинг бағдарламасы енгізілген. Жоба спорт мектептері мен басқа да білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі құрметті орта қалыптастыруды көздейді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды