Министрлік мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілемек

03.04.2023, 13:14
463
Министрлік мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілемек Smartnews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық-жобасын жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Квотаны ауданның, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жұмыс орындары санының 2-4 пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 5 желтоқсаннан кешіктірілмей алдағы жылға квота белгілейді. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес, 6 ай ішінде мүгедектігі бар адамдарды қызметке орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады», - деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгілейді:

50-ден 100 адамға дейін қызметкері бар кәсіпорындарда - жұмыскерлердің тізімдік санының 2% мөлшерінде;

101-ден 250 адамға дейін қызметкері бар кәсіпорындарда - жұмыскерлердің тізімдік санының 3% мөлшерінде;

251-ден артық адам жұмыс істейтін кәсіпорындарда - жұмыскерлердің тізімдік санының 4% мөлшерінде белгілейді.

Бұл ретте, квота ҚР Еңбек кодексінде, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңда қызметке орналасудың ерекше шарттары, лауазымға тағайындау тәртібі айқындалған жағдайларда белгіленбейді.

Сондай-ақ, құжатта жазылғандай, квота мүгедектігі бар адамдардың саны қызметкерлердің орташа жылдық санының 20%-дан астамын құрайтын қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда бөлінбейді

Бұған қоса, еңбекке қабілетті жастағы мүгедек адамдар болмаған елді мекендерде де квота белгіленбейді.

Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасу мүгедектігі бар адам Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Кейін оған жұмыс орындары ұсынылады.

Қаулы 14 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады