435

Хуторлық Хасанның ісі: Сот журналистердің жұмысын шектеді

Судья БАҚ өкілдеріне жәбірленушілер мен куәгерлердің жауабын жариялауға тыйым салды.

Хуторлық Хасанның ісі: Сот журналистердің жұмысын шектеді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда «Хуторские» қылмыстық тобының жетекшісі деп аталып жүрген Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Сот отырысы ресми түрде ашық болғанымен, журналистер залға кіргізілген жоқ. Оларды тек баспасөз орталығына орналастырып, онлайн-трансляция қосылды.

Судья Айнагүл Тоқубаева сондай-ақ жәбірленушілер мен куәгерлердің жауабын жариялауға тыйым салды. Бұл БАҚ өкілдерінің ақпарат алуын қиындатты. Барлығы алты куәгерден жауап алу жоспарланған.

Айыпталушылар орындығында алты адам отыр:

Хасан Қасымбаев,

Сайлау Актанов,

Нұрмұхамет Сұлтанбеков,

Руслан Алиев,

Данияр Аскаров,

Мәдиар Қалимжанов.

Бұған дейін прокурор айыптау актісін оқып, Касымбаев пен серіктеріне ММА спортшысы Арман Алимовты ұрлап, соққыға жыққан және Арыпжан Тажиевтен ақша бопсалаған деген айып таққан. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің ауыр жарақат алғанын растады.

Ал Қасымбаев кінәсін мойындамай отыр. Ол 2024 жылдың қарашасында қамауға алынған, бірақ оған ОПГ құру немесе басқару бойынша айып тағылмаған.

Айта кетейік, Қасымбаев есімі Талғардағы Шерзат Болатты өлтіру ісіне де байланысты аталған. Қазіргі істің тергеуі 2025 жылдың наурызында аяқталып, тараптар материалдармен танысқан болатын.

Материал авторы